352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Салах Шешенстан Республикасының құрметті азаматы атанды

  • 195
Салах Шешенстан Республикасының құрметті азаматы атанды ntv.ru

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Англияның «Ливерпуль» клубы мен Мысыр құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салахқа Шешенстан Республикасының құрметті азаматы атағын беру туралы жарлыққа қол қойды.

«Мұхаммед Салах – Шешенстан Республикасының құрметті азаматы! Дәл солай! Бүгін түнде «Ливерпуль» мен Мысыр ойыншысына осы атақты беру туралы жарлыққа қол қойдым», – деп жазды Қадыров Telegram-да.

Төсбелгі мен жарлықтың көшірмесі Салахқа Мысыр құрамасына арнап жайылған дастархан басында табысталды.

Әзірге «перғауындардың» әлем чемпионатындағы жағдайы мәз емес. Өз топтарында олар Уругвай (0:1) мен Ресей құрамаларына (1:3) жол беріп, плей-оффқа шығу құқығынан айырылды. Құрама қоржынындағы жалғыз голды Салах пенальтиден салған болатын.

Негізі шешен басшысы Салахқа берген атақ осы елде кем дегенде 20 жыл қызмет етіп қана қоймай, оның дамуына үлес қосқан, тұрғындар арасында танымалдылығы бар азаматтарға және қызметі халықаралық бүкілресейлік тұрғыда мойындалған азаматтарға беріледі.  

Бұдан бөлек Қадыров жергілікті «Ахмат» клубы мен Мысыр құрамасы алдағы уақытта жолдастық кездесу өткізетіндігіне сенім білдірді.

 

Хабар 24 телеарнасы