352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kazakh TV арнасында воркаут спортшы А.Жақыповтың сұхбатын тамашалаңыздар

  • 127

«Sports Nation» бағдарламасындағы әріптестеріміз бұл жолы Айтым Жақыповпен сұхбаттасудың сәті түсті.

Тұла бойына күші сыймаған толағай жерлесіміз стрит воркаут спортының еліміздегі дамуы жайында айтып берді. Бұған қоса, бағдарламада сенің жаңа қырың челленджінің маңызы мен өзінің жеке жоспарлары жайында сөз болды. Сұхбаттың толық нұсқасын «Казах Тв» арнасынан ертең 9:20, 15:20 және 21:25 көре аласыздар.

Айтым Жақыпов, стрит воркаут бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Ұлттық олимпиадалық комитет және Тимур Құлыбаевтың қолдауымен қазір еліміз бойынша стрит воркаут алаңдары салынып жатыр. Бүгінге дейін оның ресми 80-нін ашып үлгердік. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, жыл соңына дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінде осы спорт түрін әбден қолжетімді қылуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы