352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентина Нигерияны 2:1 есебімен жеңді

  • 176
Аргентина Нигерияны 2:1 есебімен жеңді lb.ua

Шабуылы шашыраған, қорғанысы селдіреген Аргентина Нигерияны жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф бәсекесіне жолдама алды.

Ойынның он төртінші минутында Лионель Месси гол соқты. «Челсиде» өнер көрсететін Виктор Мозес пенальтиден таразы басын теңестірген болатын. Алайда матчтың сексен алтыншы минутында Рохо мергендік танытып, Аргентинаны келесі кезеңге алып шықты. Осы топтағы Хорватия  Исландияны ұтты. Есеп 2:1.

Хабар 24 телеарнасы