352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кукушкин Истбурн турнирін жеңіспен бастады

  • 120
Кукушкин Истбурн турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 90-ракеткасы Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде рейтингте 77-сатыда тұрған австралиялық Алекс Де Минаурды 6:1, 6:2 есебімен қиналмай ұтты. Бір сағат 4 минутқа созылған бәсекеде М.Кукушкин төрт бірдей брейк жасай білді. Михаил екінші айналымда осы турнирдің алтыншы ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 38-орында тұрған испаниялық Давид Феррермен шеберлік байқасады. Жүлде қоры 770 695 АҚШ долларын құрайтын Истбурн жарысы 30 маусымда мәреге жетеді. Бұл Уимблдон турнирі алдындағы дайындық сынағы да болып есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы