369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы тұру мәселесі талқыланды

  • 298
Еліміздің спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы тұру мәселесі талқыланды

Спорттағы жемқорлық нағыз таланттардың жолын жауып, шын мықтыны анықтауға кері әсер етеді.

Сондықтан бұл мәселенің алдын алуға барлығымыз бірдей күш салумыз керек. Бұл тақырып велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығында кеңінен талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері жиналғандарға осы бағытта атқарылып жатқан шараларды баяндады. Әлемдік тәжірибенің салдары сөз болды. Заңдағы соңғы өзгерістер айтылды. «Сарыарқа» велотрегіне келген спикерлер дәл осындай жиындарды енді еліміздегі барлық спорттық құрылымдар мен орталықтарда өткізіп шықпақ. Басты мақсат сала мамандарына жемқорлықтың салдарымен күрескеннен гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді екенін жеткізу дейді.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Біз бұл бағытта мына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментпен бірге арнайы мониторингтік топ бар. Солармен бірге барлық мекемелерде кездесулер өткізіп, тиісті түсіндірме іс-шаралар жасаймыз. Бұл бағытта департамент екі бағыт ұстанып отыр бірі түсіндірме жұмысы, екіншісі нақты іс-шара қолдану.

Серік Әбдірахманов, велоспорттан олимпиадалық даярлау орталығы кәсіподағының төрағасы:

- Біздің саламыз спорт деген сала. Бұнда жеңіс әр спортшының деңгейімен келеді. Атап айтсақ, біздің велоспортта біраз жастарды қамтып, бапкерлеріме жұмыс жасаймыз. Спортта жемқорлыққа жол жоқ. Осы бағытта жоспар бойынша нақты шаралар жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы