361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бапкер: Месси команданы қасақана жеңіліске ұшыратады

  • 206
Бапкер: Месси команданы қасақана жеңіліске ұшыратады

Аргентина бірінші дивизионының жаттықтырушысы Карусо Ломбарди құрама капитаны Лионель Месси туралы күтпеген мәлімдеме жасады.

«Месси құрамадағы жетінші жаттықтырушының түбіне жетті. Меніңше, ол Сампаолиді шеттету үшін әдейі нашар ойнады. Мессиді құрамадан шығарып жіберу керек. Ол үшін құрама тағдыры бес тиын, тек бас жаттықтырушымен арадағы тартыста жеңіске жетсе болды. Лионель әрдайым ең жақсы ойынымен емес, өзіне ұнайтын футболшылармен ойнағанды қалайды», - дейді Ломбарди.

Мәлімет үшін айта кетейік, Месси Аргентина құрамасына келген 2005 жылдан бері 7 бас жаттықтырушы ауысқан.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы