359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: 28 маусымға арналған ойындар кестесі

  • 234
ӘЧ-2018: 28 маусымға арналған ойындар кестесі Чемпионат.com

Бүгін футболдан доп додасының топтық кезеңі аяқталады.

Алдымен алаңға Жапония мен Польша құрамалары шығады. Волгаград қаласындағы кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады. Дәл осы уақытта Самарада Сенегал мен Колумбия ойнайды. Н тобында Польшадан басқасы плей-офқа шығудан дәмелі. Үшінші тур ойындарын G тобының құрамалары қорытындылайды. 1/8 финалдың жолдамасын күні бұрын еншілеген Англия мен Бельгия өзара топтың мықтысын анықтайды. Кездесу түнгі 00:00-де Калининградта өтеді. Бұл топтағы Панама мен Тунис әлем чемпионатындағы соңғы матчтарын ойнайды.     

Хабар 24 телеарнасы