352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионатының 1/8 финалында кездесетін құрамалар белгілі болды

  • 324
Әлем чемпионатының 1/8 финалында кездесетін құрамалар белгілі болды

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

1/8 финалға шыққан 16 құрама анықталып, қарсыластары белгілі болды.

Соңғы болып G тобындағы ойындар өтті. Бұл топта плей-оффқа Бельгия мен Англия құрамалары екі турдан кейін-ақ жолдама алып үлгерген-ді. Соңғы турда бірінші және екінші орындарды өзара бөлісті. 51-минутта Аднан Янузайдың соққан голы Бельгия құрамасына жеңіс сыйлады. Нәтижесінде 1/8 финалда Англия Колумбиямен, Бельгия Жапониямен кездесетін болды. Бір қызығы, Азиядан барған жапондар сары қағаз көрсеткіші бойынша Сенегал құрамасын сан соқтырып кетті.

Себебі екі құраманың да ұпайы, доп айырмасы мен өзара кездесуі тең болған еді.

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Германия құрамасы биыл топтық кезеңнен аса алмады.

1/8 финалдағы ойындар 30 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы