352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясы кубогі үшін жарыс өтіп жатыр

  • 142

Алматыда «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының» кубогі үшін халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Биылғы турнир аталған федерацияның 10 жылдығы мен Қазақстанда өрт-құтқару спортының құрылғанына 60 жыл толуына арналды. «Іс-шараның мақсаты осы кәсіптің беделі мен мәртебесін арттыру» дейді ұйымдастырушылар. Жарыстар төрт кезеңнен тұрады. Спортшылар төрт қабатты мұнараға шабуыл сатысымен көтеріліп, кедергілері бар 100 метр жолақты бағындырады. Өрт сөндіру эстафетасы мен жауынгерлік шеберлікте бақ сынайды. Қазақстан спорттың осы түрінен әлемдегі бес команданың ішіне кіреді. Бұған дейін ұлттық құрама әлем чемпионаттарынан екі алтын, екі қола медаль жеңіп алған.

Дәурен Данаев, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры:

- Шілде аяғында бізде Қазақстан чемпионаты болады. Жиырма бесінші ерлер арасында және әйелдер арасында бесінші чеспионат. Содан іріктеліп, сосын оқу жаттығу  өтеді. Екі жетілік. Сонымен біз Әлем чемпионатына жол жүріп кетеміз қыркүйек айында.

Хабар 24 телеарнасы