352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: 2 шілдеге арналған ойындар кестесі

  • 288
ӘЧ-2018: 2 шілдеге арналған ойындар кестесі

Бүгін футбол жанкүйерлері қос матчтың куәгері болады.

Яғни Бразилия мен Мексика және Бельгия мен Жапония ширек финалдың кезекті жолдамаларына таласады. Алғашқы жұптағы Бразилия – «Е» тобының жеңімпазы. Ал Мексика әлем чемпионы Германияны жарыстан шығарып тастады. Сондықтан Самара қаласындағы матч аса тартысты болады деп күтіліп отыр. Ол Астана уақытымен кешкі 8-де басталады. Ал түнгі 12-де Бельгия мен Жапония құрамалары кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы