352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді

  • 181
Елімізде ұлттық спорт түрлерінен фестиваль өтеді

Елімізде алғаш рет ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала рухы» атты фестиваль өтеді.

Ол 4 шілдеде басталып, қыркүйектің ортасына  дейін жалғаспақ. Осы аралықта көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудың үздіктері анықталады. Жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль екі кезеңге бөлінген. Алғашқы кезең яғни іріктеу еліміздің Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік аймақтарындағы төрт қалада өтеді. Оған республика бойынша 7 мыңнан астам спортшы қатысады. Екінші кезең 11 қыркүйекте Астанада өтеді. Оған сыннан сүрінбей өткен 250 адам келеді.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

- Жастар мен жасөспірімдерге басымдық беріліп отыр. Өйткені әр нәрсенің дамуының кепілі ол жастардан. кейінгі ұрпақтан жалғасын тапқаны. Көбінесе біз мына қазақи аймақтарда ұлттық спорт жақсы дамыған, оңтүстік аймақтарда. Ал солтүстікке қарай батыс ептеп кейбір өңірлерде кенжелеу тқалғаны өтірік емес. Соны еңсеру мақсатында қазір бұл бір ғана өңір емес төрт өңірде өткізу. Солтүстікте де батыста, шығыста, оңтүстікте өткізейік деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы