359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неймар Месси мен Роналдудан асып түсті

  • 206
Неймар Месси мен Роналдудан асып түсті football365.fr

Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар 2018 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексикамен болған ойында гол салып, Криштиану Роналду (Португалия) мен Лионель Мессиден (Аргентина) асып түсті.

Бразилиялық үшін бұл мундиальдің плей-офф кезеңіндегі алғашқы голы болды. Роналду мен Месси бұл кезеңде гол салған жоқ.

Жалпы Неймар 89 матчта қақпаға 57 рет доп салған. Бразилия құрамасы тарихындағы үздік бомбардирлер тізімінде форвард үшінші тұр. Тізімді 92 матчта 72 гол салған Пеле бастап тұр, екінші орында 98 матчта 62 голмен Роналдо.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы