363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбия мен Англия командалары кездеседі

  • 173
Колумбия мен Англия командалары кездеседі

3 шілдеде Ресейдегі доп додасының соңғы ширек финалистері анықталады.

Санкт-Петербургте Швеция мен Швейцария құрамалары алаңға шығады. Бұл кездесу Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Түнгі 00:00-де Мәскеуде Колумбия мен Англия футболшылары сынға түседі. Екі жұптың жеңімпаздары 7 шілдеде өзара жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Бұған дейін Уругвай, Франция, Бразилия, Бельгия, Ресей және Хорватия ширек финалға шыққанын айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы