359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

  • 110
Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің Атлантик-Ситиде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өтетін жекпе-жегінің қарсыласы анықталды.

Отандасымыз ағымдағы жылдың 4 тамыз күні АҚШ-тағы бокс кешінде төбе көрсетеді, деп хабарлайды SPORTINFORM. 29 жастағы Әшкеев (9-0, 5 КО) 32 жастағы америкалық Клеотис Педарвиспен (21-4-2, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы BoxRec.com жазды.

Айта кетейік, айтылған бокс кешінде еліміздің тағы бір боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы