361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ: «Реал» Роналдуға жалақысы 30 млн еуроны құрайтын жаңа келісімшарт ұсынбақ

  • 158
БАҚ: «Реал» Роналдуға жалақысы 30 млн еуроны құрайтын жаңа келісімшарт ұсынбақ Eurosport

Испанияның «Реал» футбол клубының басшылығы Криштиану Роналдуға жылына €30 млн төленетін жаңа келісімшарт ұсынбақ.

Бұл туралы Football Italia хабарлады. Топ көшбасшысын «Ювентус» клубына жіберуге ниеті жоқ «корольдік» клуб футболшыға жасаған итальяндық команданың жалақы жөніндегі ұсынысын қайталауды жоспарлап отыр.

Роналдудың «Реалмен» келісімшарты 2021 жылдың маусымында аяқталады.

Бұған дейін Криштиану Роналду «Ювентусқа» ауысу туралы ұсынысты қабыл алып, Туринде үй іздеп жатыр деген ақпарат тараған болатын.

Хабар 24 телеарнасы