359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусінов: Головкин туралы жаман сөз айтпадым

  • 159
Данияр Елеусінов: Головкин туралы жаман сөз айтпадым vesti.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Геннадий Головкиннің қолжетімсіздігі туралы айтқанына қатысты сөзін түсіндірді.

Мұның алдында 27 жастағы олимпиада чемпионы америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында Головкиннің тым қашықтап кеткенін айтқан болатын.

«Адамдардың көбі мені дұрыс түсінбеді. Головкин туралы ешқашан жаман айтып көрген емеспін. Мәселен, олимпиада чемпионы туралы. Головкиннен артық сыйлайтын болды деп айта бастады. Мұндай сөздерді мүлде айтқан емеспін. Мен елімізде Олимпиада чемпиондарын ойындардан кейін лайықты қарсы алады дедім. Бізде Олимпиада чемпиондары – өте сыйлы адамдар. Барлығы Олимпиаданы тамашалайды. Өзім туралы айтып отырған жоқпын. Мен де бір кездері Артаев пен Сәпиевке қарап өстім. Саттархановқа. Оны үнемі сыйлайтынмын, таңданатынмын. Ал Головкин нашар деп айтқан емеспін», – дейді Елеусінов.

Оның айтуынша, журналистер оның сөзін дұрыс аудармаған. «Мен Головкин қазір көпшілік үшін жұлдыз сияқты – қолжетімсіз дедім. Көптеген қазақстандықтан қашықта. Өйткені ол үнемі шетелде. Осы менің сөзім. Нақтылайтын болсақ», – дейді ол. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы