361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Неймардың командасы Бельгияның алдында тізе бүкті

  • 156
Неймардың командасы Бельгияның алдында тізе бүкті

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия құрамасы Бельгиямен кездесті.

Матч Қазан қаласында өтті.

13-минутта еуропалықтар есепті ашты. Насер Шадлидің бұрыштамадан асырған пасы бразилиялық ойыншы Фернандиньоға тиіп, қақпадан бір-ақ шықты.

31-минутта Бельгия үздігі Ромелу Лукаку бразилиялық қорғаушыларды алдап келіп, әріптесі Де Брюйнеге пас ұсынып, ол мүмкіндікті қалт жібермеді.

Кезекті бір шабуылда алаңға тыңнан шыққан Ренато Аугусто есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша Бельгия құрамасы әлем чемпионатында жартылай финалда Франциямен кездесуге жолдама алды.

Әлем чемпионаты. 1/4 финал. 

Бразилия - Бельгия - 1:2 (0:2)

Голдар: Фернандиньо АГ (0:1), Де Брейне (0:2), Аугусто (1:2)

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы