352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионатының бас жүлдесінен Бельгия дәмелі болып отыр

  • 203
Әлем чемпионатының бас жүлдесінен Бельгия дәмелі болып отыр

Ресейдегі аладоп алманы аяқталуы жақын. Қазір жартылай финалға шыққан командалар қызу дайындыққа кірісті.

Әсіресе Бельгия құрамасы бас жүлдеден дәмелі. Өйткені бельгиялықтар осы әлем чемпионатында бір де бір рет жеңіліп көрген жоқ. Топтық кезеңде Панама, Тунис, Англия аяқдопшыларынан басым түссе, плей-оффта жапондарды жарыстан шығарып тастады. Ал ширек финалда турнирдің басты фавориті саналған Бразилия құрамасын жеңді. Осылайша келесі кезеңде енді олар Франция командасымен жолығады. Матч 11 шілде күні Санкт-Перетбург қаласында өтеді.

Айта кетейік, Бельгия құрамасы соңғы 5 матчта 14 гол соғыпты және бұл осы чемпионаттағы ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. 

Томас Вермален, Бельгия құрамасының мүшесі:

- Франция құрамасы чемпионат басынан фаворриттердің бірі саналды. Сондықтан, алдағы матч Бразилия мен кездесуден қиын болмаса, оңайға соқпайды. Біз өткен нәтижелер жайында ойламаймыз. Бар ынта-жігеріміз алдағы ойында. Өйткені қалай да Франция құрамасын жеңуіміз керек. Өз мықтылығымызды дәлелдеп, финалға өткіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы