353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада WBA аймақтық штаб-пәтері ашылады

  • 227

Астанада Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының аймақтық штаб-пәтері ашылады.

Бұл туралы бүгін WBA президенті Жилберто Мендоса тілшілермен жүздесуде мәлім етті. Кәсіпқой бокстағы негізгі төрт тұжырымның бірі саналатын беделді ұйымның басшылары елордаға арнайы келді. Мендоса Астанада ашылатын өкілдіктің мәртебесі жайында түсінік берді. Енді отандық боксшылар ұйым аясында WBA тұжырымының аймақтық белбеуін сарапқа салуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қазақстандық төрешілерді дайындау да күн тәртібінде тұр. Сенбінің кешінде түрік Хизни Алтункаядан басым түсіп, бірінші ауыр салмақта WBA чемпионы атанған Бейбіт Шүменов те өз жоспарларын ортаға салып, еліміздегі кәсіпқой бокс кешін ұйымдастырудағы кедергілерге тоқталды.

Бейбіт Шүменов, WBA чемпионы:

- Федерация промоутерлерге көмек көрсетуі керек. Ал бізде пайда табуды ойлайды. Елімізде кәсіпқой бокс федерациясының аты ғана бар, заты жоқ. Спортшы лизензия алу үшін 100 доллар федерацияға төлеуі тиіс дейді. Ондай ереже әлемде жоқ. Кәсіби мансабын енді бастаған жас спортшы қайдан қаржы табады. Тіпті Америкада 50 доллардан аспайды. Менің бокс кешімде қазылық жасаған отандық төрт төрешіге 300 доллардан төлейміз деп, тағы ақша алды. Бірақ үшеуіне ғана төлеген.  

Жилберто Мендоса, WBA президенті:

- Астанада бүкіләлемдік бокс қауымдастығының аймақтық штаб-пәтерін ашу жайын басшылық құраммен талқылаймыз. Нақты жауабын жылдың аяғына дейін айтамыз. Біз Астана қаласының әкімімен кездесіп, осы жоспарларды талқыға салдық. Қазақстандық мамандардан қолдау бар. Енді біз де өз тарапымыздан көмектесетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы