361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық каратэ-до годзю-рю шеберлері әлем кубогынан олжалы оралды

  • 153
Қазақстандық каратэ-до годзю-рю шеберлері әлем кубогынан олжалы оралды

Украинаның Одесса қаласында өткен халықаралық сында еліміздің спортшылары жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.

Шығыс жекпе-жегінің шеберлері 7 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге қол созды. Бүгін әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Астана әуежайынан жақындары құрметпен күтіп алды. Әлем кубогына Қазақстан атынан Окинава және Мейбукан қауымдастықтарының спортшылары қатысты. Окинава годзю-рю бағытында төрт жігітіміз жүлделі болды. Мардан Заманбек күміс медальді мойнына тақса, Жаңбыр Бейбарыс пен Вячеслав Хороших та жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал атыраулық Болат Ізбасқанов төрт бағдарламада топ жарып, әлем кубогының абсолютті чемпионы атанды.

Болат Ізбасқанов, каратэ годзю-рюдан әлем кубогының жеңімпазы:

- Әрине, оның бәрі оңай емес. Әр түрінен 3 жекпе-жектен өткіздім. Әзербайжан мемлекетінің спортшылары мықты екен. Сосын жергілікті Украина құрама командасы мықты екен. Әр кездесу сайын жарақат алдық. Бірақ чемпион боламын, соңына дейін төбелесемін деген мақсат болды.

Мардан Заманбек, каратэ годзю-рюдан әлем кубогының күміс жүлдегері:

- Әлем кубогына бірінші рет қатысып тұрмыз. Бұл жерде тек қана годзю-рю емес, көптеген басқа стильдерден қатысты.

Хабар 24 телеарнасы