353.64 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: «Астана» өз алаңында черногориялық «Сутьеска» командасын қабылдайды

  • 125
Футбол: «Астана» өз алаңында черногориялық «Сутьеска» командасын қабылдайды

«Астана» ертең чемпиондар лигасындағы іріктеу сынын бастайды.

Яғни өз алаңында черногориялық «Сутьеска» командасын қабылдайды. Осы матч алдында және жалпы жаңа футбол маусымының алдында Sports Nation бағдарламасындағы әріптестеріміз қазақстандық клуб ойыншысы Дмитрий Шомкомен сұхбаттасты. Футболшы командадағы жаңа ойыншылар жайында және клуб алдында тұрғын негізгі мақсаттар жайында айтып береді. Оның толық нұсқасын  «Kazakh TV» арнасынан ертең 09:20, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Дмитрий Шомко, «Астана» клубының ойыншысы:

– Іріктеу сыны жеңіл көрінгенімен, мұнда қарсыластар осал болмайды. Өйткені чемпиондар лигасы – Еуропадағы ең мықты турнир. Менің ойымша, аса тартысты матч өтеді. Біз келесі кезеңге өту үшін барымызды саламыз.

Хабар 24 телеарнасы