352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уимблдон турнирі: Ширек финалға шыққан алғашқы спортшылар белгілі болды

  • 109
Уимблдон турнирі: Ширек финалға шыққан алғашқы спортшылар белгілі болды

Ұлыбританияға әлемнің ең үздік теннисшілері жиналды.

Өйткені мұнда жылдың басты жарысы Уимблдон өтіп жатыр. Байрақты бәсеке қазір плей-офф кезеңге келіп жетті және ширек финалға шыққан алғашқы спортшылар белгілі болды. Олардың арасында сербиялық Новак Джокович те бар. Ол соңғы ойында ресейлік Карен Хачановпен жолыққан болатын. 1 сағат 49 минутқа созылған кездесу сербиялық теннисшінің айқын жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп: 6:4, 6:2, 6:2. Алдыңғы Уимблдондарда 3 рет топ жарқан Джокович енді ширек финалда әлемнің үздік 5 теннисшінің тізіміне кіретін жапониялық Кей Нисикоримен кездеседі.

Новак Джокович, теннисші:

– Өзімнің ойын өрнегіме көңілім толады. Мен қарсыласты барлық кезеңде айқын басымдықпен ұттым. Айта кету керек, ресейлік спортшының қазір физикалық бабы өте жақсы. Соны ескеріп, әр соққымды дәл және қатты жасауға тырыстым. Ойын алдында құрған жоспарым толықтай орындалды.

Хабар 24 телеарнасы