352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннен тартып алынған чемпиондық белбеуге Джейкобс пен Деревянченко таласады

  • 130
Головкиннен тартып алынған чемпиондық белбеуге Джейкобс пен Деревянченко таласады MMABoxing

Америкалық Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джейкобстың ісін жүргізетін британиялық промоутер Эдди Хирн Деревянченконың ісін жүргізетін америкалық әріптесі Лу ДиБелламен келісімге келгенін мәлімдеді.

«Қымбатты досым Лу ДиБелламен бір апта келіссөздерден кейін HBO арнасындағы IBF белбеуі үшін Джейкобс – Деревянченко жекпе-жегінің шартын қабылдауға қуаныштымын. Мерзімі жақында Нью-Йорк үшін айтылады», – деп жазыпты Хирн Twitter желісінде.

Хабар 24 телеарнасы