361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚФФ Еурокубокқа қатысатын командаларға қолдау көрсетті

  • 131
ҚФФ Еурокубокқа қатысатын командаларға қолдау көрсетті

Қазақстан футбол федерациясының қызметкерлері Астананың 20 жылдығы мен отандық клубтардың Еурокубок маусымын бастау құрметіне арнайы спорттық іс-шара өткізді.

Елордадағы Қажымұқан атындағы стадионға жиналған ала доп мамандары Еуропа лигасы мен чемпиондар лигасында ойнайтын командаларға сәттілік тілеп, Президенттік жүгіруге қатысты. Екі жарым шақырымдық қашықтыққа жүгіргендер арасында федерацияның бас хатшысы Азамат Айтқожин, ардагер футболшы Сейілда Байшақов, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов та бар. Биылғы Еурокубокты «Тобыл» жеңіспен бастады. Енді «Астана», «Қайрат» және «Ертіс» те сынға түседі. Жаппай жүгіргендер арасында ұлттық құраманың жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов бүгінгі «Астана» – «Сутьеска» кездесуі жайлы өз пікірін білдірді.

Қайрат Нұрдәулетов, Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы:

– «Сутьеска» командасының ойындары жаман емес. Сондықтан бүгін жақсы ойын болады деп ойлаймын. «Астана» жеңіске жетеді деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы