352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі: «Астана» - «Сутьеска»

  • 162

«Астана» футболшылары УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін бастайды.

Елордалық команда өз алаңында черногориялық «Сутьеска» клубын қабылдайды.

Роман Григорчук, «Астана» ФК бас бапкері:

– Қарсыласымыз – мықты команда. Олардың сапында жақсы ойнайтын футболшылар жетерлік. «Сутьеска» – «Астана» секілді чемпион. Сондықтан олар да жеңіске жетуді мақсат етеді. Қарсылас команданың ойын үлгісінде сенімділік пен қарапайымдылық бар. Бұл – нәтижеге жеткізетін басты факторлар. Біз «Сутьеска» командасын жақсылап сараладық. Сондықтан қарсыласымызға құрметпен қараймыз.

Хабар 24 телеарнасы