352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Францияның финалдағы қарсыласы кім болуы мүмкін?

  • 294
ӘЧ-2018: Францияның финалдағы қарсыласы кім болуы мүмкін?

Шілденің 11-нен 12-не қараған түні Ресейде өтіп жатқан биылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық ойыны өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Астана уақытымен сағат 00:00-де Мәскеудегі 84 745 адам сиятын «Лужники» стадионында Хорватия - Англия матчы өтеді.

«Олимп» букмекерлік компаниясының болжамынша, финалға Англия құрамасы өтеді. Бұл ойынға коэффицент 1.64-ке тең, ал Хорватияның жолдама алатынына – 2.35. 

Англияның жолдама аларына негізгі уақыттағы коэффицент 2.36, тең ойынға - 3.13, ал Хорватияның жеңісіне - 3.62.

Еске салайық, Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға өткен алғашқы команда – Франция құрамасы. Ол Белгияны 1.0 есебімен ұтқан болатын. 

Хабар 24 телеарнасы