361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алтай» клубаралық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

  • 200
«Алтай» клубаралық Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Өскеменде волейболдан клубаралық Азия чемпионаты басталды.

Жергілікті «Алтай» алғашқы кездесуін ирандық командаға қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді өскемендік волейболшылар Қытай, Индонезия, Иран, Таиланд, Шри-Ланка, Вьетнам, Тайпей және Жапонияның клубтарымен жолығады. «Алтай» командасы үшін шешуші сәт жапониялық «НЕК Ред Рокетс» және таиландтық «Суприммен» арадағы сайыста анықталады деп болжанып отыр. 

Айта кету керек, «Суприм» командасының қарқыны жақсы, олар қытайдың спортшыларын алғашқы үш партияда артта қалдырды.  Дегенмен жеңміпаздарды бөле-жарып, дөп басып айту қиын. Жаттықтырушылардың пайымдауынша, өскемендік «Алтай» командасынан зор үміт күтуге болады.

Бек Әміренов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

- Менің ойымша, биылғы Азия чемпионатында мықты командалардың бірі – «Алтай». Одан қалды Таиланд, Қытай, Жапония, Вьетнам командалары да жақсы өнер көрсетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы