356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Уимблдон-2018: жартылай финалға шыққандар анықталды

  • 167
Уимблдон-2018: жартылай финалға шыққандар анықталды

Лондон қаласында әлемдегі ең үздік теннисшілердің бәсекесі жалғасып жатыр.

Уимблдон-2018 додасының ширек финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен аргентиналық Хуан-Мартин дель Потро кездескен болатын. Тартысты өткен матч 5 сағатқа созылды. Ал жеңімпаз деп Рафаэль Надаль танылды. Қорытынды есеп – 7:5, 6:7, 4:6, 6:4, 6:4. Міне, осылайша испаниялық теннисші жартылай финалда сербиялық Новак Джоковичпен жолығатын болды.

Айта кетейік, дәл осы Рафаэль Надаль іріктеу сындарында вазақстандық Михаил Кукушкиннан басым түсіп, жарыстан шығарып тастаған еді.

Рафаэль Надаль, теннисші:

- Екінші сетте жеңілгеннен кейін жағдайдың қиындағанын түсіндім. Қарсыласым өте шебер ойнады және екеуіміз жоғары деңгейдегі теннисті көрсеттік деп ойлаймын. Сәтін салып соңғы партиялар менің пайдама шешілді.

Хабар 24 телеарнасы