Теннисші жарыста Неймардың әрекетін қайталап, жұртты күлкіге қарық қылды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Теннисші жарыста Неймардың әрекетін қайталап, жұртты күлкіге қарық қылды

Теннисші жарыста Неймардың әрекетін қайталап, жұртты күлкіге қарық қылды

Швециялық теннисші Йонас Бьоркман Уимблдон жарысы барысында жұптық кездесуде көрерменнің көңілін бір сергітті.

Серіктесінен соққы алған ол Неймардың симуляциясын қайталады. Бразилиялық футболшы ӘЧ-2018 жарысы барысында осы әдісімен ұятқа қалған еді. Теннисші газонның үстінде аунап, жарақатының тым ауыр екенін көрсеткісі келді. 

Басқа да қатысушылар абдырап қалмай, бірден мини-спектакльге араласа кетті. Шведтің қарсыласы тордың үстінен өтіп, көмек шақыра бастады, содан кейін ол зардап шеккен спортшыға қолдан дем алдыру әдісін жасамақшы болды. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде