369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан үш қола жеңіп алды

  • 133
Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан үш қола жеңіп алды Prosports.kz

Иордания астанасы Амманда каратэден (WKF) Азия чемпионаты аяқталды.

Құрлық додасында қазақстандық каратэшілер үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында үш қола медаль  жеңіп алды. Қыздар арасында  55 келіге дейінгі салмақта Аружан Мұхтар үздік үштіктен көрінді.

Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Дәулет Шымырбеков, 67 келіге дейінгі салмақта Асылбек Мұратов қола медаль иегерлері атанды.

Еске сала кетейік, Аммандағы Азия чемпионатына Қазақстанның екінші нөмірлі спортшылары қатысқан болатын. Каратэден негізгі құрам Азия ойындарына дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы