Джиу-джитсудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Джиу-джитсудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

  • 168
Джиу-джитсудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Джиу-джитсудан алғаш рет елімізде өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жүзден жүйрікті анықтау үшін Ақтауға әлемнің 20 елінен 500-ге жуық спортшы жиналды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 14 алтын, 24 күміс және 23 қоламен жалпы есепте топ бастады. Ал екінші орында Таиланд спортшылары. Түркімендер болса үздік үштіктің қатарына енді. Джиу-джитсу тарихында биыл тұңғыш рет Азия біріншілігі ерлер мен әйелдер арасында 4 бағыт бойынша өтті. Қазір спорттың бұл түрі бүкіләлемдік және жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енген. Бүгінгі сайыстың жеңімпаздары келесі айда  Джакарта қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады.

Әбубәкір Жәнібекұлы, джиу-джитсудан азия чемпионатының алтын жүлдегері:

- Азия ойындарына Маңғыстау облысынан ең бірінші жолдама алдым. Енді бұйыртса, Индонезияда өтетін Азия ойындарына Қазақстанның туын желбіретуге тырысамын. Бұйыртса, осы Азия біткеннен кейін Таиланд елінде жиын болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде