361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадона «Динамо Брест» клубын басқарады

  • 155
Марадона «Динамо Брест» клубын басқарады

Беларусь чемпионатының 16-турындағы басты жаңалық Диего Марадонаның келуі болды.

Атақты аргентиналық футболшы «Динамо Брест» клубының тізгінін ұстады. Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін Беларусь еліне аялдаған аладоп шебері «Динамомен» үшжылдық келісімшартқа отырды. Марадона клубтың басқарма төрағасы болады. Кеше ол командасының ойынын тамашалап, жергілікті жанкүйерлер алдына шықты. «Динамо» футболшылары Марадонаны керемет ойындарымен марқайта алмады. Брест командасы «Шахтерден» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Қазір «Динамо» турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы