356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қысқы Олимпиада ойындарына спорттың жаңа түрлері қосылады

  • 187

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қосымша 6 спорт түрі қосылады.

Бұл Халықаралық олимпиадалық комитеттің шешімі. Демек, 2022 жылы олимп шыңы үшін тағы 41 спортшы бәсекелесе алады. Жалпы саны 2 мың 892 адам жарыс жолына шығады. Осы арқылы Олимпиада ойындарына жастарды көптеп тарту көзделген. Ал спортшылар бақ сынасатын додалар қатарында бобслейден әйелдер арасындағы жеке сайыс, сноуборд-кростан аралас командалық бәсеке, фристайлдың «бэг-эйр» бағдарламасы бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жарыстар бар.

Хабар 24 телеарнасы