363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жексенбіде Джошуа – Поветкин жекпе-жегі өтеді

  • 112
Жексенбіде Джошуа – Поветкин жекпе-жегі өтеді

Алдағы жексенбіде бокс жанкүйерлерін алыптардың айқасы күтіп тұр.

Британиялық Энтони Джошуа мен ресейлік Александр Поветкин «Уэмбли» стадионында ауыр салмақтағы үш бірдей тұжырым бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Үш алтын белбеудің иегері Джошуа кәсіби рингте әлі жеңілістің ащы дәмін татқан емес. 28 жастағы былғары қолғап шеберіне тек WBC белбеуі жетіспей тұр. «Бұл тұжырымдағы әлем чемпионы Уайлдермен жекпе-жек – алдағы күннің шаруасы», – дейді Джошуа. Поветкин де қарымды боксшы. Джошуа секілді ол да Олимпиада ойындарында жеңіске жетті. Допинг дауынан кейін шаршы алаңа оралған 39 жастағы орыс жігіті 28 жастағы Энтониге қарсы тұра ала ма? «Кәсіби спортшыға адамның жасы кедергі емес», – дейді Энтони Джошуа.

Энтони Джошуа, WBA, IBF және WBO тұжырымында әлем чемпионы:

- Мен спорттық ғұмырымдағы жаңа белесті бастадым. Әлі 10 жыл кәсіби бокста жүремін. Өзімнен кейін өшпес із қалдырғым келеді. Қазір ғылым мен білім дамыған уақыт. Сондықтан Хопкинс, Кличко, Мейвезерлер секілді мен де өз жолымды саламын. Поветкинді жеңуге шамам жетеді. Ол – қауіпті қарсылас әрі мықты жігіт. Бұл жекпе-жек мен үшін маңызды екенін сеземін.

Хабар 24 телеарнасы