352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» алғаш рет Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

  • 173
«Тобыл» алғаш рет Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті vesti.kz

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Грузияның «Самтредиа» клубын жеңді.

«Тобыл» сапынан 12-минутта Бауыржан Тұрысбек және 83-минутта Аслан Дарабаев доп соқты. Есеп – 2:0. «Тобыл» жеңіске жетті. Қостанайлықтар аталмыш командамен алғашқы кездесуінде 1:0 есебімен басым түскен еді.

Олардың ендігі қарсыласы – Арменияның «Пюник» және Македонияның «Вардар» клубтары арасындағы жеңімпазы болады. Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 1:0 есебімен «Пюниктің» пайдасына жазылды. Олардың арасындағы қарымта кездесу 23:00-де басталады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы