359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Татьяна Тарасова Денис Теннің қазасын трагедия деп атады

  • 228
Татьяна Тарасова Денис Теннің қазасын трагедия деп атады

Денис Теннің ресейлік мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушысы Татьяна Тарасова да қайғылы оқиғаны қабырғасы қайысып қабылдады.

Оған қастандық жасалғанын ести салысымен Денистің анасына хабарласқан. Ол кезде спортшы өлім мен өмір арасында арпалысып жатқан екен. Тарасова өз шәкіртінің жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Айта кетейік, Татьяна Тарасова мен Елена Буянова Денис Тенді Мәскеуде 2004 жылдан бастап  2010 жылға дейін жаттықтырған еді.

Татьяна Тарасова, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы:

- Ол дәл осы жерде түрлі трюктерді орындап үйренген болатын. Бүгінгі жаңалық біз үшін үлкен трагедия болды. Ол өте талантты, білімді, ақылды жігіт еді. Оның таланты өзгеден ерек. Жарыстарда өзін 100 пайыз көрсете алмаса да, дайындықта құдды бір данышпан еді. Денис Теннің Сочидегі Олимпиада ойындарында жеңіске жететініне сенімді едік.

Хабар 24 телеарнасы