359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Денис Тенді еске алу шарасы өтті

  • 244

Мәнерлеп сырғанау спортының хас шебері Денис Теннің қайғылы қазасы Сыр жұртшылығына да ауыр тиді.

«Мұз айдыны» спорт кешенінде даңқты спортшыны еске алу митингі өтті. Жаһандық додаға 16 жасында қатысып, ерлер арасындағы ең жас спортшы ретінде жұрттың жадында қалған Денис Тен 2013 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола медалін еншіледі. Бірнеше мәрте халықаралық турнирлерде топ жарды. Әлемдік ареналарда еліміздің мерейін тасытқан спортшының талантына бас иетін жұртшылық оның суретіне гүл шоқтарын қойды. Спортшының жеңісті жолын үлгі еткен бір топ жас мұз үстінде өнер көрсетті. 

Алексей Ильин, №4 облыстық олимпиадалық резерв мектебінің директоры:

- Денис Тен ұлы спортшы. Ол Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортының негізін қалады десек те болады. Ол Сочи олимпиадасының бірден-бір жүлдегері. Осы жеңісі біздің елімізде мәнерлеп сырғанау спортының дамуына үлкен серпіліс әкелді. Оның қазасы өте ауыр тиді. Бүгін көптеген адам жиналып, Денисті еске алып жатыр. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы