359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтаулықтар: Денис Тен жүрегі «қазақ» деп соққан чемпион еді

  • 217

Еліміздің біртуар ұлы Денис Тенді еске алу үшін ақтаулықтар орталықтағы мұз айдынына жиналды.

Талантты ұлдың мезгілсіз қазасы бүкіл ел халқының қабырғасын қайыстырып кетті. Оны еске алып, қоштасу шарасына жас та, кәрі де келді. Белгілі спортшылар мен қоғам белсенділері де осы жерде. Денис ағаларын үлгі тұтып өсіп келе жатқан жас спортшылар мәнерлеп сырғанаудан жаттығулар орындады. Ал жиналғандар олимпиада жүлдегерінің суретіне гүл шоқтарын қойып, чемпионды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Айгүл Қанатбайқызы, қала тұрғыны:

- Барлық олимпиада ойындарын көріп, тақымымызды қысып, сол үшін жанкүйер болып, қолдаған болатынбыз. Ұлты басқа болғанымен, жүрегі «қазақ» деп соққан Қазақстанның батыры, чемпионы болатын.

Қасақана қастандық па білмедім,

25 жас бар болғаны сүргенің

Кешір бізді, чемпионы қазақтың,

Көз алдымда жымиғаның, күлгенің

Туын көкке желбіреткен ер еді,

Қазағымды елжіреткен сері еді.

Қуанышқа толы болған құшағын,

Қас бірлеулер салып кетті пышағын...

Хабар 24 телеарнасы