352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марко Станоевич «Астанa» сапынан кетті

  • 127
Марко Станоевич «Астанa» сапынан кетті prosports.kz

30 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Марко Станоевич «Астана» командасымен келісімшартын ресми түрде үзді, деп хабарлайды prosports.kz сайты елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Станоевич «Астанаға» 2017 жылдың желтоқсан айында қарағандылық «Шахтер» сапынан ауысқан болатын. Марко осы маусымда астаналықтар сапында 13 ойында алаңға шыққан. 

Клубтың бапкерлер құрамы, команда ойыншылары және клуб әкімшілігі Марконың алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.

Хабар 24 телеарнасы