359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасы тұмарларының есімі бекітілді

  • 125

Токиода 2020 жылы өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындары символдарының атауы белгілі болды.

Жапондық стильдегі аниме кейіпкерлері – Мирайтова және Сомэйти. Бұл туралы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сайтында жарияланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Олимпиада ойындарының символы ретінде ақшыл-көк түстес Мирайтова таңдалған. Ол әділдікті ту етіп ұстаған кейіпкерлердің бірі саналады. Ал паралимпиада символы – сакура гүлдерін еске салатын ақшыл-қызғылт түспен бейнеленген Сомэйти есімді аниме.

Хабар 24 телеарнасы