Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты

  • 155
Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты Eurosport

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Малик Диарра GGG алдағы жекпе-жекте жеңіске жету үшін не істеу керек екенін айтты.

«Меніңше, бірінші жекпе-жекте Головкин «Канелоның» еркін тыныс алуына мүмкіндік берді. Оған барынша қатаң қысым жасау керек. Абель Санчес – үздік бапкер әрі тактиктердің бірі, сондықтан ол барлығын ескереді, GGG бірінші кездесудегі секілді Альвареске рингтің орталығын оп-оңай бере салмайды деп ойлаймын», – деді бұрынғы боксшы.

Ақпарат көзі: sport.inform.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде