369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

УЕФА Чемпиондар лигасы: «Астана» «Мидтьюлландті» қабылдайды

  • 101
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Астана» «Мидтьюлландті» қабылдайды

Бүгін «Астана» Чемпиондар лигасы аясындағы екінші іріктеу кезеңін бастайды.

Бұл жолы елордалық команда өз алаңында даниялық «Мидтьюлландті» қабылдайды. Матч жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Қазір қос команда да соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Астаналық клубтың белді ойыншысы Абзал Бейсебековтің айтуынша, аяқдопшыларымыз кездесуге тыңғылықты дайындалып, қарсыластың қарым-қабілетін зерттеген. Оның үстіне «Астана» командасының сапы жаңа ойыншылармен толығып отыр. «Астана Аренада» өтетін матчқа Раду Петреску бастаған румыниялық төрешілер құрамы қазылық етеді.

Роман Григорчук, «Астана» клубының бас бапкері:

- Ойын өте тартысты болады. Жанкүйерлер нағыз шайқасты көреді. Жауапты матч болған соң жаңа ойыншаларды белгілі уақытқа шектеп қана шығарамыз. Алаңда негізгі құрамның ойыншылары өнер көрсетеді. Қатарымызға енді қосылғандар үшін әлі де екі аптадай дайындық қажет. Олар Даниядағы қарымта кездесуде толық ойнауы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы