352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде өрт сөндірушілердің республикалық біріншілігі басталды

  • 135
Ақтөбеде өрт сөндірушілердің республикалық біріншілігі басталды

Оған еліміздің барлық өңірінен 17 команда жиналып, бас-аяғы 300-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтап жатыр.

Нақтырақ айтқанда, сатымен төртінші қабатқа өрмелеу, жүгіру және жауынгерлік қанат жаю сияқты сайыстар бойынша күш сынасады. Өрт-құтқару спорты қазір халықаралық дәрежеге ие. Өткен жылы Түркияда болған әлем біріншілігінде еліміздің әйелдер құрамасы қола медальді еншілеген болатын. Ал ерлер командасы жауынгерлік қанат жаюдан екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Дәурен Данаев, ҚР Өрт құтқару спорты федерациясы комитетінің атқарушы директоры:

- Осы өткізген чемпионаттан біз ұлттық құрама командаға ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрама командаға қазір іріктеу жасаймыз. Қыркүйек айында Словакия Республикасына 14-әлем чемпионатына Қазақстанның туын қорғауға, еліміздің намысын қорғауға аттанамыз.

Хабар 24 телеарнасы