359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы – Габор Горбич

  • 182
Данияр Елеусіновтің кезекті қарсыласы – Габор Горбич

Бірер күннен кейін Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші кездесуін өткізеді.

Жекпе-жек кеші Ұлыбританияның Кардифф қаласында болады және оны «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы – Габор Горбич есімді венгриялық боксшы. Қос спортшы арасындағы кездесу маусым айында өтуі керек болатын. Бірақ венгриялық боксшының жарақатына байланысты кейінге қалдырылды. Енді олар 4 тамызда өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, жуырда ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов бұған дейін 2 кездесу өткізіп үлгерді және екеуінде де жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы