369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулу мәселесі қозғалды

  • 222

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында спартакиада ұйымдастыру керек.

Бұл бастаманы спорттық-сауықтыру клуб басшысы Садық Байымбетов көтерді. Өйткені сау балаларға арналған түрлі спорттық сайыстар бар. Ал ерекше бүлдіршіндерге мұндай жағдай қарастырылмаған. Осы мақсатта ол елімізде ең алғаш рет мүгедек балаларға арналған спорт клубын ашты. Енді оның аясын кеңейтіп, басқа өңірлерді де қамту жоспарда бар. Кейін олардың арасында тұрақты спартакиадалар өткізуді қолға алмақ. «Өйткені олимпиада сияқты, паралимпиада да болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеу аса маңызды», – дейді жоба авторы. Айта кетейік, ерікті топ өз бастамалары үшін Үкіметтен қаржы алмайды. Ал мүгедек балалар спорт клубына тегін кіреді.

Садық Байымбетов, спорттық-сауықтыру клубының басшысы:

– Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жарыстар ұйымдастырмақпыз. Мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбірі футболға қатыса алмайды. Жүре алмайтын балаларға қол күрес, жүретіндерге каратэ, бокс, жекпе-жек ұйымдастыруға болады.

Хабар 24 телеарнасы