352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бокс құрамасы Азия ойындарына дайындығын пысықтады

  • 316

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарына дайын. Тура бір айдан кейін Индонезияда жылдың ең басты спорттық додасы тұсауын кеседі.

Осыған орай ұлттық құрама Алматыда бірнеше апта бойы негізгі жаттығуларын пысықтады. Енді ең соңғы дайындықты Астанада өткізбек. 

Алматы облысындағы АИБА халықаралық спорт кешенінде 21 күн бойы жаттыққан спортшылар жалпы халықаралық жарысқа дайынбыз, дейді. Бұл байрақты бәсекеде алтыннан алқа тағуға үміткер боксшымыздың бірі 56 келі салмақта сынға түсетін Қайрат Ералиев.

Қайрат Ералиев, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

- Осы Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетеміз, деген ойдамыз. Командалық есепте болсын, жеке боксшылардың өздері де жақсы дайындықта. Құдай қаласа, бар күш-жігерімізді салып, елге абыроймен келеміз, деген ойдамыз.

Спортшылар жаттығу кезінде тауға шығып, қашықтықтарды бағындырды. Енді олар 4 мен 16 тамыз аралығында Астанада шеберліктерін шыңдайды. Айта кетейік, Индонезияда өтетін Азия ойындарында көк туымызды 75 келі сақлмақтағы алтыннан үміткеріміз Әбілхан Аманқұлов алып шығады.

Әбілхан Аманқұлов, Азия чемпионатының қола жүлдегері:

- Әрине туды көтеріп шығу мен үшін үлкен абырой. Туды Алла қаласа желбіретіп барып, желбіретіп қайтамыз, деген ойдамыз. Азия ойындарына өте тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Басты мақсатымыз орын алып, чемпион болып қайту. Командалық есепте бірінші орын алып қайту.

Мырзағали Айтжанов, ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Команданың алдында үлкен мақсат – командалық бірінші орынға таласу. Ал енді он салмақтың үшеуін қысқартқаннан кейін кемінде екі алтынға бар күшімізді саламыз. Оған боксшылардың бабы келіп тұр дейді бапкер.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы