359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тур де Франс»: Кезекті жарыста франциялық велошабандоз жеңімпаз атанды

  • 190

Францияда «Тур де Франс» суперкөпкүндігінің 18-кезеңі артта қалды.

Шабандоздар 171 шақырымға созылған жазық жолды жүріп өтті. Кезең көпшілік күткендей-ақ, жаппай спринтпен аяқталып, франциялық Арно Демар жеңімпаз атанды. «Астана» командасының сапында алғашқы жиырмалыққа кірген Магнус Корт қана болды. Бұл кезеңде «Тур де Франстың» барлық көшбасшылары бір топ болып, мәре сызығын кесті. Сәйкесінше, жалпы есепте аса қатты өзгеріс орын ала қойған жоқ: британиялық Герант Томас сары жейдені сақтап қалса, «Астана» капитаны Якоб Фульсанг 10-орында қала берді.

Дмитрий Фофанов, «Астана» командасының спорт менеджері:

– Біздің шабандоздар үшін өте сабырлы әрі қалыпты жарыс болды. Себебі осының алдындағы үш кезеңде белсенділік танытып, алдыңғы қатарда жүрдік. Сондықтан шығар, Магнус Кортқа осы жолы жақсы позиция алу қиынға соқты. Бірақ ол тағы бір мүмкіндікке ие. 18-кезеңде жігіттер сәл де болса тынығып, ертең өткелі тұрған ауыр кезеңге дайындықты пысықтады деуге болады.

Хабар 24 телеарнасы