352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Шүменов елордадағы балалар орталығында бүлдіршіннің тұсауын кесті

  • 188

Жуырда ғана кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов бүгін Астанадағы балалар орталығына барды.

Бұл жерде тумысынан денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндерге қолдау көрсетіліп, әртүрлі деңгейдегі ем-дом шаралары жасалады. Кәсіпқой боксшы орталықтағы балдырғандармен және ата-аналарымен кездесіп әңгімелесті. Сұрақтарына жауап берді, табысты болудың жолын айтты. Тіпті,осы жерде аяғынан тұрып кеткен балалардың тұсауын да кесіп берді. Айта кетейік, «Балапан» деген орталық тумысынан дімкәс балаларды ерте жастан тегін емдейтін жалғыз орын. Ол жұмыс жасаған 1 жылғы жуық уақыттың ішінде 300-ге тарта бүлдіршін ем қабылдады. Осыны ескере отырып, бұндай бастамаларға барынша қолдау көрсетілу керек дейді Бейбіт Шүменов.

Бейбіт Шүменов, кәсіпқой боксшы:

- Өте қуаныштымын. Көзіміз алдында нәтижелер көрініп жатыр. Балалар жақсарып жатыр. Осындай бағдарламалар, жобаларды үкімет қолдау керек.

Дина Тәжібаева, балалар орталығының дәрігері:

- Бүгін өзіңіз куәгер болдыңыз кішкентай балапандарымыз бірінші қадамын жасады. Қадамын осы орталықта жасады. Балалардың алатын емдері емдік дене шынықтыру, массаж, физиоемдері және логопедтердің емі. Шүменов Бейбіт ағамыз келгеніне қуаныштымыз. Өзі келіп, балапандардың тұсауын кескенге. Біздің қуанышымызды бөліскеніне өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы