352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду екі жылға сотталуы мүмкін

  • 132
Роналду екі жылға сотталуы мүмкін

«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуға 3,2 миллион евро айыппұл салынып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін, ол салық төлеуден жалтарған.

Бұл туралы Reuters агенттігі Испания прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Алайда ойыншының испаниялық заңнамамен түрмеге түсуі екіталай – оның жазасы екі жыл сынақ мерзіміне ауыстырылуы мүмкін деген болжам бар. Айыппұлдан бөлек футболшы салық органдарына 5,7 миллион еуро көлемінде қаржы төлеуі тиіс. Сонымен қатар ол пайыздар үшін миллион еуро және екі жыл мерзімнің әр күні үшін 250 еуродан төлеуі керек.

Бұл іс бойынша Роналдудың төлеуі тиіс жалпы сомасы шамамен 19 миллион еуро. Өткен жылы шілдеде болған сот отырысында футболшы ешқашан еш нәрсені жасырмағанын және салық төлеуден жалтармағанын мәлімдеді. Ол жақында «Реал» клубынан «Ювентус» клубына ауысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы