359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық атаққа қол жеткізді

  • 148
Қазақстандық боксшы АҚШ-та чемпиондық атаққа қол жеткізді Рrosports.kz

Қазақстандық боксшы Әли Балоев (5-0, 4 КО) 36 жастағы америкалық Ричард Уркизомен (3-4-2) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Техас штатының Остин қаласындағы Austin Sports Center аренасында өткен жекпе-жек Әли Балоев үшін кәсіпқой бокстағы алтыншы кездесуі болатын. 25 жастағы боксшы осыған дейін өткен 5 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен.

Қос боксшы бірінші ауыр салмақта Солтүстік Америка чемпионы (WBC NABF) титулын сарапқа салған. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын жеңіп, аталған титулға қол жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы